Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Жаңа мазмұнда оқыту барысында сапалы ұрпақты қалыптастырудың жолдары. Осындай тақырыппен Түркістанда бастауыш сынып оқытушыларына арналған аймақтық семинар болып өтті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Оған 80-ге жуық педагок қатысты. Олардың ішінде бастауыш пәнінің мұғалімдерімен кіші диреторлар және директордың бастауыш сыныптарға жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты. Семинар үш кезеңде өтті. Ұйымдастырушылық, негізгі және соңғы кезең. Үш бөлімде де оқытушыладың шеберліктерін шыңдау үшін түрлі кездесулер мен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Жаңа оқыту жүйесі арқылы білімін жетілдірген тәжірибелі мамандар дәріс оқыды. Еске салып өтейік Түркістан облысында 907 білім ошағы бар. Оларда 58-мыңдай оқытушы жұмыс істейді. Олардың 30 пайыздайы бастауыш пәнінің ұстаздары. Ал, Түркістан қөаласының өзінде 30-дан астам мектеп бар. Жаңартылған білім жүйесіндегі білім беруді жетілдіру үшін жыл сайын педагоктардың 10-15 пайызы арнайы курстардан өтіп білімін жетілдіріп отырады. Бүгінгі семинарда соның айғағы.

Нұрбол Дүйсебек — Р.Исетов атындағы  №20 жалпы орта мектептің директоры: Енді мұндай семинарлар көп болуы керек. Қайта-қайта жиі болып тұрса мұғалімдерге өте серпіліс береді. Бұл жерде сабақ беріп жатқан мұғалімдеріміз зертеуші және сарапшы мамандары.

Пікір жазу