Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АҚПАРАТТЫҚ — АҒАРТУ ШТАБ ӨКІЛДЕРІМЕН ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

АҚПАРАТТЫҚ — АҒАРТУ ШТАБ ӨКІЛДЕРІМЕН ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыстық ақпараттық — ағарту Штабының мүшелерімен Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Халық заңгері» науқаны өткізіліп, тегін құқықтық кеңес берілді, деп жазады Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

70-тен астам азаматтарға заңдық кеңес берілген науқанның негізгі мақсаты – кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа тегін заң көмегін көрсету және ауыл тұрғындарын алаңдатқан түйткілді сауалдардың шешу жолдарын қарастыру.

Азаматтарға құқықтық қолдау танытуға құрылған шараға Қарашық ауылдық округінің әкімі және әкімдік қызметкерлері, сондай-ақ жер, салық, әлеуметтік салалардың мамандары қатысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына құлақ түрді.

Тегін заңдық көмек көрсетуге бағытталған науқан барысында аталмыш ауыл тұрғындары білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жер салалары бойынша мамандардың кеңесіне жүгініп, заң аясында құқықтық кеңес алды.

Айта кетсек, «Халықтық заңгер» науқаны қарапайым қазақстандықтар үшін тиімді және дәстүрлі жобаға айналып отыр.

Пікір жазу