Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

БИЫЛ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Сайрам ауданындағы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі, сондай-ақ, «Қамқорлық» жобасы аясында аз қамтылған отбасылардың күнкөріс деңгейін жақсарту мақсатында тұрақты түрде қол ұшын беру жұмыстары жалғаса бермек. Бұл туралы күн тәртібіндегі мәселелер бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен апталық жиында пысықталды, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

– Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарды жариялап, сол арқылы ұпай жинаудың қажеті жоқ. Бұл бастамаға демеушілік жасап отырған кәсіпкерлер тіпті, атын атамауды сұрап отыр. Біздің мақсат – көмекке зәру отбасыларды мұқтаждық деңгейінен өз күнін өзі көріп кете алатындай қатарға алып шығу, – деді Ұ.Садибеков.

Бүгінгі жиында аудан әкімі ауыл округтеріндегі қоқыс тазалау жұмыстары мен егістік жерлерін электронды картаға енгізу, ауыз сумен қамту мәселесін қайта қарап, жауапты сала бойынша орынбасарларына және дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сайрам аудандық статистика бөлім басшысы Б.Нұршайықова халық санағына дайындық жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Пікір жазу