Түркістанда «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» атты акция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық оратлығы» мен «Jas Otan» жастар қанаты бірлесе ұйымдастырған шараға жүзге жуық еріктілер қатысып, қан тапсырды, , деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Акцияда алдымен жастардың денсаулықтарын толық тексеруден өткізген дәрігерлер қант мөлшері, гемоглабин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтады. Содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.Жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру. Донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау. Акцияның мақсаты осы. Онда жастар қан орталығын безендіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Қанға зәру науқастарға қолдау көрсетуді қолға алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық оратлығы» МКК алдағы уақытта да іс-шараны жалғастыруды жоспарлап отыр.