Түркістан облысының ауылшаруашылығы соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. Бұл салаға инвестиция тарту өткен жылы 24 пайызға артқан. Еңбек өнімділігі бойынша да алдыңғы қатарда.Тиімді жұмыстардың нәтижесінде жетістік те көл көсір. Осы және өзге де мәселелер бойынша сала басшысы журналистерге баспасөз брифингін ұйымдастырды, , деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Былтыр облысымызда ауылшаруашылығы саласына 42 млрд теңгеге жуық қолдау қаржы бағытталған. Оның ішінде 28 млрд теңгесі субсидия. Өткен жылы 13 мың гектар жер айналымға енгізілді. Нәтижесінде Облысымыздағы суармалы жер көлемі 827 мың гектарды құрады.
Нұрбек Бадырақов — Түркістан облыстық: ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: Ауылшаруашылығы жалпы өнім көлемі 629,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 85,5 млрд теңгеге артты. Нақты өнім көлемі 104,7 пайызды құрады.Республикада 3-орын.
Облысымыз жылыжайлар бойынша республикада көш басында. Еліміздегі осындай нысандардың 67 пайызы біздің өңірде. Былтыр 179 гектар жылыжай салынды. Сөйтіп жалпы көлемі 1114 га құрап отыр.
Нұрбек Бадырақов — Түркістан облыстық. ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
Агроөнеркәсіп кешенінде негнізгі капиталға шаққанда 55 млрд тг жеке инвестициялар тартылып 24 пайызға жетті. Тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестициялар 8,5 млрд теңгені құрап 1,5 есеге яғни 48 пайызға артты.
Облысымызда мал мен құс 6-7 пайызға көбейген. Одан алынған өнім 2,5-3 пайызға өсті. Былтыр 230 мың тонна ет өндірілген болса, соның 19 мың тоннасы шетелге экспортталған.