Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҚО: ОРДАБАСЫДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ ЕГУ ҚАРҚЫН АЛУДА

ОҚО: ОРДАБАСЫДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ ЕГУ ҚАРҚЫН АЛУДА

Фото Оңтүстік Қазақстан Облысының Әкімдігі Акимат Южно-Казахстанской области.Фото Әсета Әссанди.Фото Оңтүстік Қазақстан Облысының Әкімдігі Акимат Южно-Казахстанской области.Фото Әсета Әссанди.

Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды бау егу ісі қарқын алып, жалпы аумағы 2000 гектарға жеткізу көзделіп отыр.  Осы ретте Ордабасы ауданына қарасты «Green town south» ЖШС-нің де  қосар үлесі де аз болмауы тиіс. Бұл турлаы  Ордабасы ауданына жасаған сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Өңір басшысы алдымен  «Сейтбек әулеті» мен «Бастау фарм» ЖШС-ның өндіріс орнында болды.  Бұл кәсіпорын фармацевтикалық қызметпен, дәрілік өсімдіктерді және оның шикізаттарын дайындаумен айналысады. Жылдық көлемі 3 мың тонна болатын дайын өнімдерді ішкі және сыртқы нарыққа экспорттап  отырған жобаның құны 1 200, 0 млн. теңгені құрайды.  Мұнда бүгінде 40 адам жұмыспен қамтылған.

Жансейіт Қансейітұлы мұнан соң  «Онтинур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2,1 гектарға орналасқан жылыжайын да аралап көрді. «Казагроқаржы» АҚ арқылы қаржыланған бұл жобаның жалпы құны 143 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы аудан бойынша бүгінде 68,45 гектарда 84 жылыжай орналасқан.

Ал,  «Green town south» ЖШС 16,5 гектарға қарқынды бау егуді жүзеге асыруда. Облыс әкімі  қарқынды баудың аумағын кеңейту тапсырмасын жүзеге асыру барысында осы тектес шаруашылықтардың әдісін бөлісу мен тарату керектігін атап өтті. Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков өңірдің ауыл шаруашылық даму қарқынын баяндап, интенсивті бау көлемін арттыру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.  Қазіргі таңда аталмыш бауда алманың «Голден Делишес», «Роял Гала» сұрыптары егіліп, баптауға алынған. Кешендегі құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында толығымен аяқталмақ.  Егер жоба толық қуаттылығына көшсе,  мұнда жылына 1000 тонна жеміс жиналатын болады.   Жобалық құны 140 млн. теңгені құрайтын бау кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ордабасы ауданында бүгінгі таңда қарқынды бау 452 гектарға жетті.

Сапар барысында өңір басшысы жоспардан тыс Төрткүл ауыл округінің орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Мұнда облыс әкімі  ауыл орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарымен танысты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу