Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының іскер әйелдері #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, көмекке мұқтаж жанұяларға көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданында орналасқан «AYKAN» ЖШС бір миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты. Үйлеріне жеткізіп, тұрғындардың еңсесін көтерді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Эмир» сауда белгісімен сүт өнімдерін өңдеу кәсібін дөңгелеткенөндірістік компаниясының директоры Алмагүл Айқан қиын сәтте мұқтаж жандарға қол ұшын созу азаматтық борышы деп біледі.

«Басымыздан небір нәубеттер мен қиындықтар өтсе де, ел болып жұмыла еңсеретінімізге сенімдімін. Зауыттың жұмысшылары үшін де барлық санитарлық талапқа сай қауіпсіздік шаралары қадағаланған. Қажетті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктер үзілмейді. Бір де бір отбасы ағарғансыз қалмайды»,-дейді іскер ханым.

Бүгінгі таңда «AYKAN» компаниясы тек облыс емес еліміз бойынша сүт өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорынға айналған. Өндірістік қуатын айтар болсақ күніне 100 тонна сүтті өңдей алады. Басты ерекшелігі мен құндылығы – өнімдердің сақталу мерзімін ұзарту үшін тұрақтандырғыштарды қолданбайды. Барлық өнім табиғи түрінде сатылады. Ал шикізат көзі болып табылатын сүттер Сайрам және Төле би аудандарынан сатып әкелінеді. Бәрі жергілікті халықтан алынады және экологиялық таза өнімдер.

Бүгінгі таңда Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл бағдарлама аясында да «АYKAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрғақ сүт пен сарысу өндіру бойынша зауыт құрылысын іске қосуды жоспарлауда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу