Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған.

2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер -анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру — әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

2015 — 2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келді.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасын осы күнге дейін басқарып келген Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев өз еркімен қызметінен кетті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу