Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНЕ СЕНЕМІЗ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНЕ СЕНЕМІЗ

На изображении может находиться: Баршагүл Қашқынқызы Исабек, сидит

Әлемді жайлаған коронавирустың кесірі тек адамның денсаулығына ғана емес әлеуметтік салаға да,экономикаға да залалын тигізіп отыр. Ол тек біздің елді ғана емес, әлемді шарпып отыр.

Бұл тосыннан келген апатты жағдай. Сондықтан, қиындықтар да кездесуде. Дегенмен ел Президенті дұрыс шешім қабылдап, тиісті тапсырмаларды дер кезінде берді. Сын сағатта елім деген Президент «Бұл — уақытша қиындық. Біз мұны міндетті түрде жеңеміз. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Біз мемлекет және қоғам болып, барша азаматтарға қолдау көрсетеміз. Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол үшін береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы тиіс»,-деді.

Ел Президентінің тапсырмасынан кейін шынымен бірқатар істер жүзеге асты. Баламен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға – ақылы еңбек демалысы берілетін болса,кәсіпкерлердің салықтық төлемдерін жеңілдетті. Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы белгіленіп, қазіргі таңда қаншама адам бұл төлемді алып, игіліне жұмсап та үлгерді.

Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар да таратылды. Бұл әрине, халықтың жағдайына жасалған көп мүмкіндік екені сөзсіз.
Сондықтан, қазіргідей қиын кезде көпшіліктен күтілетіні барлық жағдайларға түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше төзімділік таныту болып отыр. Алынбайтын асу жоқ, біз біргеміз! Ел Президентіне сенеміз!

Баршагүл Исабек, ОҚМПУ бірінші проректоры

Пікір жазу