Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » АУЫЗБІРШІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ КЕРЕК

АУЫЗБІРШІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ КЕРЕК

На изображении может находиться: 1 человек

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланған кезде «Менің басты мақсатым- еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау»-дегені есімізде. Қазіргі әлемде, оның ішінде біздің елімізді де айналып өтпеген коронавирус кезінде де Президент сөзінде тұра білді деп ойлаймын. Төтенше жағдай кезінде халықтың жағдайының барынша тұрақты болуына бар мүмкіндікті жасап, тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып отыр. Төтеннен болған төтенше жағдай еліміздің экономикасы мен әлеуетіне кәдімгідей кесірін тигізіп отырғаны белгілі. Осы арада дұрыс, тиімді жолды табу ел Президентіне үлкен жауапкершілікті жүктеді. Осы тұрғыда мемлекет басшысы халықтың мүддесін бірінші жолға қойғаны оның халықшыл екенін көрсетті. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенеміз. Күні ертең бұл қиындықтан да шығатынымыз кәміл. Тек Президентімізді қолдап, ауызбіршілік танытуымыз керек.


Мадина БЕЙСЕНОВА,

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазу