Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Түркістан облысы табиғи байлығының (флора-фаунасымен) сан алуандығымен ерекшеленетін республикамыздың ең көрікті аймағының бірі. Облыс аумағында өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі өседі, оның ішінде 118 түрі ҚР «Қызыл кітабына» енген, сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар өсімдіктер.

ҚР Конституциясының 6 бабына сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. «Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті жұлғаны үшін жауапқа тартылатынын көпшілік біле бермейді. Мәселен, кез келген адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қыл¬мыстық жауапкершілікке тартылады және «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N441 Қаулысының 3 бөлігіне сәйкес қызғалдақты зақымдаған жағдайда, оның 1 данасы үшін 0,5 АЕК көлемінде залал өндірілетіндігін ескертеміз.
Сондықтан, әрбір азаматтың — қоршаған ортаны қорғауда, әсіресе сирек кездесетін, құрып кету алдында тұрған табиғат байлығының, көркінің ұқыпты қорғалуына, сақталуына үлес қосуы және жанашыр болуы қоғам мен болашақ ұрпақ алдындағы борышы.
🖊Н.УРАЗЫБЕТОВ, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы — мемлекеттік инспекторы.
🖊Ғ.КУЛБАЕВ, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түлкібас филиалының бас орманшысы.

Пікір жазу