Ротация дегеніміз – қызметкерлерді бір орыннан екінші орынға ауыстыру.
Бүгінгі ротация былай өрбіді:
1. Бастар Әуелханұлы Есқараев – Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымынан босатылды.
2. Әсия Құралқызы Темірбаева – Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.
3. Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев – Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.
Үшеуі де жұмыссыз қалған жоқ! Өйткені – РОТАЦИЯ! Сонымен, «ротация» не дейді:
1. Бастар Әуелханұлы Есқараев – бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2. Әсия Құралқызы Темірбаева – бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына тағайындалды.
3. Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев – бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айтпақшы, бұл ауыс-түйіс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес жасалды.
Үшеуіне де жаңа жұмыстарында жетістіктерге жетуін тілейміз!
Әсет Әссанди