Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ОРДАБАСЫДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Ордабасы ауданында сақтық шаралары күшейтілді, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, 148-бабы, 150-бабы негізінде, Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен (COVID-19) ауырғандар санының артуына және летальды жағдайдың тіркелуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатындағы қаулысында көрсетілген шектеулерге байланысты Түркістан облысының аумағында карантин режимі енгізілді.

Осыған орай құрылған мобильдік топ құрамы Ордабасы аудан орталығындағы базарлар, қоғамдық тамақтану орындары: мейрамханалар, кафелер, асханалар, киім-кешек сауда нүктелерін және сұлулық салондарын жұмысын тоқтатты. Осы мақсатта күнделікті сағат сайын дауыс дыбыстағыш құралдары арқылы аудан тұрығындарына шектеу шараларын жеткізуде.
Сонымен қатар қоғамдық көліктер қатынауын тоқтатып, аудан тұрғындарына үйде болуға, аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға, санитарлық жеке гигиеналық нормаларын сақтау бойынша және карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылатынын ескерте отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу