Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

БИЫЛ 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Биылғы жылы Жетісай ауданының ішкі көшелеріне жалпы құны 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Бұл қаржыға 200 көшеге орта (асфальт) және ағымдағы (тас төсеу) жөндеуден өтетін болады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Енді жөндеуден өтетін 200 көше жайында айтатын болсақ. Жетісай ауданында 113 елді мекен ,1 қала, 1 кент бар.
Аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу ( асфальт) жұмыстары жүргізілсе, оның 33 көшесі ауылдағы көшелердің еншісінде.


Ал, 162 көшеге ағымдағы яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұның ішінде 158 көшесі ауылдардың еншісіндегі көшелер жөндеуден өтеді. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жасалатын болады.
« Ауданымыз бойынша былтыр 166 көше жөндеуден өтсе, биыл бұның санын 200 ден асырып отырмыз. Бұл дегеніңіз аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Оның ішіне облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен ұзындығы 63 шақырымды құрайтын, өтпелі кезеңмен 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ол көшелерді биыл бастаймыз» дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.


Қосымша айта кететін болсақ. Жетісай ауданы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша Республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржылары бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек ел аузында «Жетісай — Мақталы» бағытындағы көше аталып кеткен Негізгі атауы КХ 86 ұзындығы 19.9 км болатын көше өтпелі кезеңмен жөндеуден өтетін болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу