
Түркістан облысында 2020 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бірінші орынға шықты. Аудан көлемінде 51000 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның 13 426 га суармалы жер, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz
Қазіргі таңда ағымдағы жылдың есебінен 16000 га күздік бидай және ерте көкөніс – 2275 га (жоспар – 2000 га), ерте картоп – 2450 га (жоспар – 2200 га), арпа – 3100 га (жоспар 3100 га), мақсары – 7250 га (жоспар – 9200 га), жаңа жоңышқа – 1900 га (жоспар – 2200 га) егілген.

Бүгін бөлім басшылары мен ауыл округтер әкімдерінің онлайн қатысуымен төтенше жағдай режимін камтамасыз ету жөнінде Сайрам аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы 15 сәуір күнгі Қарабұлақ ауыл округі Рүстемов көшесіндегі жағдайға байланысты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарауды ұсынған болатын. Осыған орай, жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауыл округінің әкімі қызметтен босатылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы әкімінің орынбасарлары қатаң ескерту алып, аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысына қатаң сөгіс берілді.

Күн тәртібінде аудан бойынша карантин режимі енгізілуіне байланысты тапсырмалардың орындалуы, Мемлекет тарапынан берілетін төлемдер және осы аптада іске қосылған Call-орталықтың жұмыс барысы қаралды.
Сондай-ақ, Көлкент ауылдық округінің Қосбұлақ елдімекеніндегі карантиндік жағдайы мен істен шыққан трансформатордың бүгінгі жай-күйі туралы жауапты сала басшылары баяндады.
© DIDARBEK.kz