Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИННЕН ШЫҚҚАН АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

КАРАНТИННЕН ШЫҚҚАН АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысы Сайрам Ауданы Көлкент ауыл округінен COVID-2019 індетін жұқтырған үш науқас тіркелген.

Осыған байланысты Ханқорған және Қосбұлақ ауылдары карантинге жабылған-ды. Жақында Ханқорған ауылының тұрғыны коронавирустан айығып шықты және оның қарым-қатынаста болған жақындары мен таныстары індеттен дін аман.

Сондықтан, Ханқорған ауылы ашылды. Ал тағы екі науқас Қосбұлақ елдімекенінен тіркелуіне байланысты бұл ауыл толығымен карантинде. Ауылға кіруге, ауылдан шығып кетуге болмайды.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы Көлкент ауыл округіндегі Қосбұлақ блок бекетіне барды. Ондағы мән-жаймен танысқаннан кейін аталған ауыл округіне қарасты N44 Мәдени жалпы орта мектебіндегі құрылыс жұмыстарын аралады, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетейік, ерте көктемдегі ауа райының құбылуынан қолайсыздық туындап, бұл мектептің шатырын жел көтеріп әкеткен болатын. Қазір білім ошағының залал келген тұстарын қайта қалпына келтіру бағытында құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Көлкент ауыл округінде дезинфекциялық жұмыстар кестеге сай жүргізілді дегенмен, ондағы жергілікті халыққа бетпердемен жүру бағытындағы түсіндіру жұмыстарын әлі де пысықтау қажеттігі байқалды. Бұл туралы аудан басшысы ауыл әкіміне нақты тапсырмалар берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу