Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АҚБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

САЙРАМ: АҚБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бүгін Ақбұлақ ауыл округінде карантин режиміне сәйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Мұнда 7 нысанға, 16 көшеге тұрақты дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін 1 техника және 15 адам жұмылдырылған.

Ауыл округіндегі жағдайдың тұрақтылығына көз жеткізген аудан басшысы бұдан кейін «Полат» шаруа қожалығына барды. 1 гектар жерден қияр мен қызанақ өсіруде 10 жылдан бері кәсіпке айналдырған Пулат Құнанбаев жыл сайын кірістен шығыс артып бара жатқанын айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, биылғы ауа райының қолайсыздығына байланыста 22 млн теңгеге шығындалған.
– Жылыжайда көкөніс өсірумен айналысып келе жатқаныма 10 жыл болды. Алғашқы жылы 60 тонна алғанмын. Қазір жылдық өнім 25 тоннаны құрап отыр. Әр жылы әр түрлі себеп болады. Кейде көшеттер ауырып қалады. Оның дер кезінде күтімін жасап үлгермесек, соншама еңбектің жемісінен бір сәтте айрыламыз. Ал биыл дауылды жел салдарынан құлаған жылыжай қабырғаларын қайта көтеріп болғанымша оларды дәрілейтін уақытты өткізіп алдым. Сондықтан, қиярдың мазасы болмай тұр. Ал қызанақтың біразын құтқара алдық, – дейді Пулат Бегайдарұлы.

Аталған жылыжайда қазіргі төтенше жағдай кезінде қияр өсірумен 3, қызанақ бақшасында тағы 3 адам жұмыс істейді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу