Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗЕЙНЕТАҚЫ, ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ТАРАТЫЛДЫ

ЗЕЙНЕТАҚЫ, ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ТАРАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында зейнетақы, жәрдемақы төлемдері үш кезеңдік жұмыс тәртібімен жергілікті тұрғындардың үйді- үйіне таратылды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

І кезеңде I-II топ мүгедегі болып табылатын азаматар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жасы 80-нен асқан қарияларға зейнетақы таратылған болатын.

Ал II кезеңде почта қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, еріктілер жасы 65-тен асқандарға зейнетақысын арнайы тізімдеме (ведомость) арқылы үйіне жеткізіп берді.

— «Үйге жеткізіп береміз» дегенге сенбей әлде шыдамсыздықпен келіп, мазасызданғандар да болды. Дегенмен, азаматтарға үйді- үйіне жеткізіп берудің нәтижесінде аудандағы почта бөлімшелерінің алдында адам жиналу мәселесі шешімін тапты. Шамамен 75% төлемді үйге жеткізіп беру қызметімен тараттық. Ал адам азайғандықтан қалған 25%-ы зейнетақысын почта бөлімшелерінен алды, — дейді Сайрам аудандық почта байланыс торабының басшысы Д.Бегманов.

III кезеңде «Қазпочта» арқылы мемлекет тарапынан тағайындалған төлемдерді алуы тиіс азаматтардың бәріне тағайындалған жәрдемақы, зейнетақы таратылуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу