Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 18 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

18 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Әлем елдерінің үрейін туғызып, әбігерге салған covid 19 короновирус індетінің тез таралуын алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Ордабасы ауданында қала және ауданаралық 4, ауыл аралық 18 блок- бекеттер құрылған болатын.


Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін бекеттерде полиция қызметкерлері мен медицина саласының мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, бәрі де тіркеуге алынып, қатаң тексерістен өтуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Сонымен қатар, аудан аумағында қалааралық жолаушылар тасымалдау, автобекеттердің қызметі тоқтатылып, ауыл аралық көлік қатынасы шектелген.
Блок-бекеттерден тіркеуден өткен әрбір азаматқа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, көпшілік орындардан оқшаулану, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, бетперделермен жүру керектігі түсіндірілуде.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында инфекция жұқтырғандар саны 117-жетті. Соның 9-ы Ордабасы ауданының тұрғындары.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу