Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

Ел білетін Егізбаев... | Мақалалар

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді.

Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі — жоғары, мамандығы педиатр-дәрігер, экономист, денсаулық сақтау саласында жоғары санатты ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы атағының иегері. Қарапайым отбасынан шыққан ол алғашқы еңбек жолын 1987 жылы педиатр болып бастаған. Өзінің кәсіби шеберлігі, ұйымдастыру қабілетінің арқасында Шымкент қаласындағы бірқатар ауруханаларда белді қызметтерді атқарды.

Атап айтқанда, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен облыстық дерматовенерологиялық диспансерді, облыстық балалар ауруханасын басқарды. Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып, медициналық мекемені жаңа сатыға көтерді.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Әттең осынау асыл азамат өмірден озды.
Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, қайғысына ортақпыз. Қасиетті Ораза айында Алла алдынан жарылқасын!

Бақұл болыңыз, жаныңыз жәннатта болсын!

© Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Пікір жазу