Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!

ТҮРКІСТАН ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!

Жолдаудағы бастамалар көпбалалы отбасылар мен жастарды баспанамен ...

Құрметті қауым!
Қадірлі Түркістан жұртшылығы!

Сіздерді жыл сайын мамыражай мамыр айында келетін татулық пен бірліктің мерекесімен құттықтаймын.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің саяси әрі рухани мәні зор. Қазақ халқы ықылым заманнан бері мейірбандығымен, қонақжайлығымен, гуманистік көзқарасымен танылған. Ұлы дала елі тағдырдың жазуымен көшіп келген сан түрлі этностарды құшақ жая қарсы алып, қорған бола білді. Осы ізгі қасиет сараланып, халықтың тарихи санасына мейірім мен достықты ұялатуға негізделген бұл мерекені еліміз сән-салтанатымен атап өтеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елді ұйыстыру жолында сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінде Қазақстанда тұратын барша этнос өкілдері Еуразия жүрегіндегі алып мемлекеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі көтеріліп, мемлекетшілдік қасиеті санаға орнықты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел бірлігін сақтау мемлекетті дамытудағы басты құндылықтардың бірі екенін айтты. «Nur Otan» партиясы да ел татулығын сақтау, реформаларды жүзеге асыру бағытында жоспарлы жұмыстарды атқаруда.
Бүгінде әлем жұртшылығы қауіпті індетпен күресіп жатыр. Бұл ретте Қазақ ұлтының маңына топтасқан біртұтас еліміз қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабырмен әрі бірлікпен әрекет етуде.
Кезінде Күлтегін бабамыз «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деп қанатты сөз қалдырған. Осы ұстанымды ту еткен Түркістан облысының жұртшылығы адал еңбек пен берекелі бірліктің арқасында биік белестерді бағындырып келеді.
Баршаңызды достықтың, бірліктің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бастаған істеріңізге табыс тілеймін. Қазақстан өркендеп, Түркістан гүлдене берсін!

Құрметпен, Бейсен Тәжібаев,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Пікір жазу