Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Елімізде Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясының шарапатын көрген отырарлықтардың саны артуда.
Бүгін акция аясында «Арыстанбаб» қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 50 отбасы бір айға жетерлік азық — түлікпен қамтамасыз етілдідеп жазады,  аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Айта кету керек, коронавирусқа қарсы күрес барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында қолға алынған акция аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің тікелей бақылауында.


Аса мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық шарасында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман мен «Арыстанбаб» қоғамдық қорының өкілі Нұрбол Тұяқбайұлы Мұсатай көмекті шын мұқтаждарға жеткізу басты мақсат екенін айтып, «Біз біргеміз!» акциясының ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген ауыл округтерінің әкімдеріне, «жасотандықтар» мен ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді. Аудандағы аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылар мен мүгедек жандарға арналған көмек әр ауыл округтеріне жолданып, тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.


Өз кезегінде қасиетті Рамазан айында көмекке ие болған тұрғындар қиын — қыстау кезеңде қолдау білдірген ел азаматтарының қайырымды істеріне алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу