Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕДЕЛ ЖЕТТІК ЖАҢАЖОЛҒА, ЖЕҢІСКЕ…

ЖЕДЕЛ ЖЕТТІК ЖАҢАЖОЛҒА, ЖЕҢІСКЕ…

На изображении может находиться: Қанат Иматов, небо, океан, на улице, вода, природа и часть тела крупным планом

Бүгін түнде жолға шығып, таң ата Мақтаарал ауданына жеттік. Өздеріңіз білетіндей кеше, яғни 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған болатын. Осының салдарынан каналдағы су арнасынан шығып, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс, Нұрлыжол, Фердауси және Еңбекші ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылдарын су басу қаупі 2 мамыр түнгі сағат 01:30 минутта туындады.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, дерево и на улице
Айта кетейік, Жеңіс ауылында 280 тұрғын үй, 1922 тұрғын бар. Оның ішінде 568 ер, 546 әйел, 808 бала мен жасөспірімді түнгі сағат 01:50-де эвакуациялау басталған. Ал Нұрлы жол ауылындағы 101 тұрғын үй, 831 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ, Фердауси ауылынан 2377 тұрғын, Жаңатұрмыс елдімекенінен 321 тұрғын эвакуацияланған. Осы мақсатта Атакент кенті мен Жамбыл, Мақтаарал ауылдық округтерінен 17 нысанда 8500 орын дайындалды.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении
Қазір Мақтаарал ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімінің тапсырмасына орай мұндағы жағдай толық бақылауға алынды.
Өмірзақ Шөкеев ауданға келіп, штаб отырысын өткізді. Су басқан алқаптарды аралады.
Эвакуацияланған тұрғындар тиісті медициналық қызмет, азық-түлік секілді басқа да қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілуде.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, стол и в помещении
Аталған әр елдімекенде төтенше жағдайды тұрақтандыру үшін жақын арадағы аудандардың күштері жұмылдырылып отыр. Айталық, Нұрлыжол елдімекеніне Шардара ауданының әкімдігі, Фердауси, Жантақсай ауылдарына Келес ауданы, Т.Жайлыбаев ауылына Сарыағаш ауданы жауапты болып бекітілді. Осы және өзге де мәселелер төңірегінде жергілікті және облыстық БАҚ өкілдеріне онлайн түрінде баспасөз мәслихатын өткіздік. Барлық мәліметтер толыққанды жария етілді. Ең бастысы — апаттан адам шығыны тіркелген жоқ. Ел арасында дүрбелең басылды. Алғашында абдырап, аудан шекарасына шығып кеткен тұрғындарды үйлеріне қайтару, эвакуация аумағына орналастыру жұмыстары да жалғасуда. Қосымша жаңа мәліметтер түскенде өздеріңізбен бөлісетін боламын.

© Бейсен Тәжібаев,
 «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Пікір жазу