Құрметті Достар!
Түркістан Облысының жүрегі саналатын Мырзашөл өңіріндегі жағдайға байланысты облыс әкімінен бастап барлық тиісті сала басшылары Мақтааралдамыз.
Облыстық Қоғамдық Даму Басқармасы төтенше жағдайға байланысты арнайы құрылған штабтың БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНА жауап береді.
Бүгін 3 онлайн брифинг, 6 ақпараттық хабарлама, 8 видео ролик таратылып, ақпараттар легін тоқтатпауға күш салдық.
Осынау қиын кезеңде халыққа шынайы ақпарат беру мақсатында жүрген барша БАҚ өкілдерінен тұратын Әріптестерге алғысымды білдіремін!
«Апат айтып келмейді» демекші, бұл сынақтан да береке-бірлігіміздің арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін!
Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Ол Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елдімекеніне барып, аппаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты.
© Дамир Жүнісов,
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы