Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАМҚОРЛЫҚ ПАЛАУЫ БЕРІЛДІ

ҚАМҚОРЛЫҚ ПАЛАУЫ БЕРІЛДІ

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят и в помещении

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі Фердауси және Жантақсай елдімекендеріне жауапты болып бекітілді.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, ест, стол и в помещении

Аталған елді мекен тұрғындарының 400- ден аса азаматтары Мақтаарал ауданындағы №44 Ә.Науаии мектебіне эвакуацияланып, уақытша тұрғын орыны дайындалды. Төтенше жағдайдың алғашқы күніндегі ауыз ашарға 50 келі палау дайындалып, аталған мектептің спорт залына карантин режимін сақтай отырып, әр столға 4 азаматтан арақашықтығы 1 метрден жайғастырылып, тағам тартылды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении
Сондай-ақ эвакуацияланған азаматтар Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен төсек орынмен, демеушілер мен еріктілер есебінен азық-түлік және гигеналық заттармен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

© Айдар Сейдазым

Пікір жазу