Түркістан облысында селден 620 үй жапа шеккен, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок — бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.
© DIDARBEK.kz