Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымы 120 отбасыға көмек көрсетті, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бүгінгі таңда Төлеби ауданында Республикалық «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясындағы қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Осы орайда аудан аумағындағы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, әлеуметтік аз қамтылған 120 отбасыға азық-түлік түрінде көмек үлестірілді. Әр қорапта 20 мың теңге көлеміндегі күнделікті тұрмысқа ең қажетті азық — түлік топтамасы жинақталған.
Бұл игі іске Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі бас хатшылығының қаржыландыруымен, Қазақстандағы Кувейт мемлекетінің елшілігі мен Халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының кеңсесі басшысы доктор Альван Ясер Мохаммад Али мырза демеушілік жасаған. Аталған іс-шара «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалы мен маслихат депутаттарының ұйытқысымен ұйымдастырылды. Айта кетері, жыл сайын сауапты істерден шет қалмайтын демеушілер осындай шараларды Түркістан облысы бойынша жасап жатыр.
© DIDARBEK.kz