Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тағылым » ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр Түркістан ауданы Үшқайың ауылында 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1942-1946 жылдары әскер қатарында болып, Чита қаласында жасақталған 1011 полктың Быков автоматты-барлау ротасында қызмет етті. Забайкалье майданында Қытайдың Цицикар қаласын жапон милитаристерінен тазартуға қатысты.

Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков Г.К.», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдермен марапатталды.
1949 жылы әскерден оралғаннан кейін 1992 жылға дейін Түркістан қаласында комсомол жастар ұйымында қызмет атқарды, әскери дайындық мұғалімі болды. Киров, Қаратас аудандарында және Кентау қаласында ішкі істер органдарында қызмет етті.

Мақтаарал ауданында түрлі шаруашылық жұмыстарында істеп, зейнеткерлікке шықты. Қазіргі уақытта балаларымен бірге Шымкент қаласында тұрады.

Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу