Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАҒЫ 3 АУЫЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

ТАҒЫ 3 АУЫЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Бүгін Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеді. Нақтырақ айтқанда, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды әзірлеп, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз!

Айта кетейік, Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті. Облыс басшысы халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу