Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АҚАЙШАНЫҢ АРМАНЫ — ПОЛИЦЕЙ БОЛУ

АҚАЙШАНЫҢ АРМАНЫ — ПОЛИЦЕЙ БОЛУ

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рамазан айында бірауыздан қайырымдылық жасауға ниет етіп, отағасы мүгедек, көпбалалы отбасына ат басын бұрып, күнделікті қажетті азық-түліктер апарып берді. Балаларға ойыншықтар таратты.
Сол сәтте, 6 баланың үшіншісі зерек Ақайша Темірхан қайырымды, жүзі жылы полицейлерді көріп қатты қуанды. Бала арманына қанат біткендей, «болашақта полицей болғым келеді» деп жүрек түбіндегі сөзін жеткізді. Шындығында Ақайша ес білгелі полицей болғысы келетінін айтып жүреді екен.
Небары 10 жаста болсада, биіктерге қол созған Ақайшаның арманы өзінің қатарлас қыздарының қасында тым бөлек. Ол өскенде бізге көмектескен полицей ағалардай боламын дейді. «Қиналған отбасыларына көмектесетін боламын. Тәртіп бұзушылыққа жол бермеймін»- деген кішкентай қыз, қиын да қауіпті салада еңбек етуге құлшынысы зор. Ақайшаның анасының айтуынша, ол өте бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, қайсар қыз екен. Сондықтан да полицей болғысы келетін болар, өмірде жолы ашық болсын!-деп аналық жүрегімен сенім білдірді.


Ақайшаның отбасында 6 ұл-қыз, болашақ ел ұландары өсіп келеді. Әкесі — мүмкіндігі шектеулі жан болса, анасы – емханалардың бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс жасайды.
Бізде, өз кезегімізде, өмірге деген құлшынысы осы кезден тым биіктен бастау алған кішкентай аруға, арман-мақсаттарың орындалсын деп тілек тілейміз! Адамның алдағы өміріне қанат бітіретін – арман. Армандарың орындалсын, Ақайша!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу