Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 км, биіктігі 1,5 метр болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде биіктігі 0,5 метр, ұзындығы 40 метр бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 метр болатын бөгет тұрғызылды.
Сонымен қатар, су тасқыны орын алған аймаққа көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, облыстық Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар.
© DIDARBEK.kz