Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

На изображении может находиться: 1 человек, костюм и солнечные очки

Ұлы Отан соғысының ардагері, қазыналы қартымыздың бірі — Мылтықбаев Айтбек.

МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы — 1925 жылғы 15 мамырда Түркістан облысы (бұрынғы — Оңтүстік Қазақстан облысы), Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген.

Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы атқыштар полкында зеңбірек командирі болып, жеңіске өз үлесін қосты. Киев, Львов, Житомир, Прага қалаларын, Югославияны, Польшаны, Румынияны азат етуге қатысты.

Елге 1945 жылы аман — есен оралған соң «Ленин жолы» колхозында еңбек етті. Осы колхоздан зейнеткерлікке шықты.  Айтбек Ысмайылұлы І дәрежелі «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және 7 мерекелік медальмен марапатталды.

Бүгінде ерлік пен еңбектің үлгісіндей қазыналы қария Айтбек Ысмайылұлы 19 немере, 31 шөберенің қызығын көріп келеді.

Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу