Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды.
Жалпы, тиісті сала мамандарының кеңесіне құлақ түріп, карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу. Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктерді міндетті түрде пайдалану қажет. Отбасыңызға, өз жақындарыңыз бен бала шағаңызға қауіп тудырмай үйде қалған жөн.
© DIDARBEK.kz