Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.
Жалпы, Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты мұндай ізгілікті істерге әрдайым мұрындық болып, аудан аумағындағы кәсіпкерлер, ерікті азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырып, ұйымдастырып отырады. Бүгінгі шараның басты мақсаты да сол. Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларын қасиетті Ораза айында бірінші кезектегі азық — түлік өнімдерін жеткізіп берді.
Осындай қала көлеміндегі басқа да аудан әкімі аппараттарының да жалғастырып, игі іске мұрындық болып жүргені байқалып жүр. Елімізде орын алған төтенше жағдайда бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанның шарапаты мол.
Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!