Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қазір барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр.
15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр.
Сommunal-komek.kz интернет платформасына кіріп, өзіңіздің базада бар екендігіңізді ЖСН теру арқылы біле аласыз. Егер Сіздің ЖСН базада бар болған жағдайда, көрсетілген тиісті тізімге сай өтініш қалдыруыңызға болады. Тізімнен ЖСН нөміріңізді таппасаңыз, тиісті категория санатына жататын болсаңыз, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе аудан әкімі аппараттарына хабарласып, мән-жайды анықтауға болады.
Байланыс нөмірлері:
Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45
Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29
Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57
Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.
Айта кетсек, орталық тарапынан қазірге дейін 12 мыңнан астам азаматтың сұрақтарына жауап берілді.
Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы