Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 5168 ОТБАСЫНА 50 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

5168 ОТБАСЫНА 50 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

Түркістан қаласында тағы 5168 отбасына 50 мың теңге көмек аударылды. Тағы дейтін себебіміз, осыдан екі аптадай бұрын 4903 отбасы осы көмекті алған болатын. Сөйтіп облыс орталығында қаржылай қолдау алған отбасылар саны 10071-ге жетті. Айтып өтейік, аталған қаржы Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорыне кәсіпкерлер тарапынан жиналған қаржы есебінен үлестіріліп отыр., деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Еске салайық, Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры қауіпті індет жайлаған тұста халықты қолдау мақсатында республика бойынша 23 қаланың аса мұқтаж тұрғындарына 50 мың теңгеден беруді бастаған еді. Сол 23 қаланың қатарына Түркістан қаласы енгізілгенді. Ал, көмектің азаматтарға үлестірілуін үйлестіру – «Nur Otan» партиясы мен жергілікті әкімдіктерге жүктелген болатын. Сол тапсырма бойынша партияның Түркістан облыстық филиалы мен қала әкімдігі зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірінші 4903 кейінен 5168 отбасыны анықтады. Негізінен көмек алушылар жеті санатқа бөлінген. Олар аз қамтылған көпбалалы отбасылар; I топтағы мүгедектер; мүгедек бала күтімімен отырған адамдар; ең төменгі және төмен зейнетақы алатындар; жетім балалар және 1 асыраушысынан айрылған жетім балалар; ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері. Бүгінде комиссия шешімімен көмек тағайындалған отбасылардың дені аталған қаржыға қол жеткізді. Одан бөлек, қор тарапынан азаматтарға азық-түліктер де таратылуда. Өз кезегінде тұрғындар да қиын кезде қолдау білдірген қорға өз алғыстарын білдіруде.
Базарбай Жақыпов – Түркістан қаласының тұрғыны
Мынай «Nur Otanның беріп отырған 50 мың теңгесі көп көмек болды. Бұған жоғарыдағы басшылардың бәріне рахметімді айтамын. Рамазан айы барлықтарыңызға мүбәрәк болсын. Рамазаннан рамазанға жеткізе берсін Алла.
Гүлрух Назарова – Түркістан қаласының тұрғыны:
Менің жағдайымды көріп беріп жатқан азық-түлігіне ризамын. 50 теңгеде маған тағайындалыпты. Түсіп тұрған шығар. Балалар хабарласып айтты. Оған да рахмет.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу