Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТУРИСТЕР ҮШІН АҚПАРАТ АЛУ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ТУРИСТЕР ҮШІН АҚПАРАТ АЛУ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Алдағы уақытта Түркістан темір жол вокзалында туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді. Ол орталық қалаға алғаш қадам басқан азаматтарға қысқаша ақпарат берумен айналысады. Шеткен келген азаматтар үшін тиімділігі жоғары бекет бұйыртса мамыр айында іске қосылады деп күтілуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Айтып өтейік, бүгінде шаһардағы шойын жол вокзалында жөндеу жұмыстары жүруде. Ондағы жұмыстар мен күні кеше өңір басшысының өзі барып арнайы танысты. Сонымен қатар осы сапары кезінде Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласын абаттандыру бойынша 32 секторда жүріп жатқан жұмыстарды да бақылады. Ескерте кету керек, барлық сектордағы жұмыстар негізінен демеушілер есебінен жүзеге асуда. Ал, ондағы істің барысына өңірдегі аудан – қала әкімдері мен басқармалар басшылары жауапты болып бекітілген. Бүгінде сол сектор жетекшілерінің күшімен қала көшелері жарықтандырылып, күл – қоқыстан тазартылуда. Ұңғымалар қазылып, жол аяқтар салынды. Одан бөлек топырақ жолдарға шағал тас төселіп тегістелді. Аралау кезінде облыс әкімі барлық сектордың жетекшілерімен кездесіп, осы жұмыстарды ары қарайда жалғастыра беруді тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу