Аскеров Али, ҰОС ардагері
АСКЕРОВ Али Грузия Республикасы, Тибилис қаласында 1922 жылы дүниеге келген. Қызыл әскерге 1942 жылы шақырылып, көп ұзамай ұрыс қимылдарына кірісіп кетті.
Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Совет армиясы қатарында1948 жылға дейін қызмет етті.
Шымкент қаласына 1957-1960 жылдары көшіп келіп, қаладағы СМУ-да (құрылыс-монтаж басқармасы) жұмысшы, бетоншы болып жұмыс істеген. Бұдан соң автобазада сылақшы, Тельман бөлімшесінде бақшашы болып еңбек еткен.
Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және көптеген мерекелік медальдермен, «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
Қазіргі уақытта төрт бала, 14 немере, 24 шөбере, екі шөпшегі бар.
Бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен, сол жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің қатары жыл озған сайын сиреп барады. Десек те, қан майданда шейіт болған майдангерлердің рухтарына бас иіп, елге жеңіспен оралған ардақты ардагерлеріміз бен ерлікке пара-пар ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз.
© DIDARBEK.kz