Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 10 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 10 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 10 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1991, 1990, 1965, 1994,1985, 1989, 1967 1979, 1966, 1964 жылы туған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.

Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 5 мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 61 науқас дертінен айығып шықты.

Пікір жазу