Шымкент қаласындағы жұмысын қайта іске қосқан кәсіпкерлік нысандар үшін МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАР:
— Өткір респираторлық жұқпалы аурулар белгілері бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАРМАУ ҚАЖЕТ
— Бөлмелерді жүйелі түрде желдете отырып, ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС
— Қолды өңдеу үшін САНИТАЙЗЕРЛЕР ОРНАТЫЛУЫ ТИІС
— Қызметкерлер мен келушілер МАСКАЛЫҚ РЕЖИМДІ САҚТАУЫ ТИІС
— Мекеме ішінде және аумағында АДАМДАРДЫҢ БІР МЕЗЕТТЕ ЖИНАЛУЫН БОЛДЫРМАУ
— Қолды жиі жуу және антисептикалық препараттармен өңдей отырып ГИГИЕНА ШАРАЛАРЫН САҚТАУ
— Мекеме ішінде бір мезгілде 5-тен АСТАМ КЕЛУШІ БОЛМАУЫ ТИІС (жұмысшылар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы тиіс)
— Төлемді қолма-қол ақшадан тыс ОНЛАЙН ТӘСІЛМЕН ДЕ ҚАБЫЛДАЙТЫН МҮМКІНДІК БОЛУЫ ТИІС
— Адамдардың жиналуын болдырмау үшін АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША қызмет көрсетілуі тиіс
Егер қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертеміз.
Құрметті қала тұрғындары, егер қауіпсіздік талаптарының бұзылуына куә болсаңыз,
Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-иннновациялық даму басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасына жолдауларыңызды сұраймыз.
ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ!
Facebook: Кәсіпкерлік Басқармасы Шымкент
Instagram: @shymkent_kasipkerlik
Фото ашық дереккөздерден алынды.