1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты. Ал 1941 жылдың 22 маусымында Үшінші Рейх әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Тарих жылнамаларына Ұлы Отан соғысы деп жазылған соғысқа, кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы өкінішке орай соғыс құрбаны болды.
Зұлмат соғысқа Арыс қаласынан 10503 жауынгер қатысты. Сұрапыл соғыс жылдары Арыс қаласынан Кеңес Одағының 6 батыры шыққан. Олар Нағи Ильясов, Бейсен Онтаев, Иван Журба, Берген Исаханов, Ережепбай Молдабаев, Садық Исмаилов. Зұлмат соғысқа қатысқан азаматтардың есімдері қала орталығындағы «Жеңіс» аллеясындағы ескерткішке қашап жазылған. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болуы үшін тарихтан тағлым алуымыз қажет!
Арыс қаласынан аттанған он мыңнан астам жауынгердің бүгінде екеуі арамызда:
НАРБАЕВ АБЫЛАЙ
Нарбаев Абылай 1924 жылы 3 мамырда Арыс ауданы Тақыркөл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Жетісай ауданындағы Амангелді мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1941 жылы Беларусь майданына 175- дивизиясының 277- полкісіне қатардағы жауынгер болып аттандырылған. Брест қамалы арқылы Польша жерін жаудан азат ету майданында шайқасқан. Отбасында 2 ұлы-қызы бар.
«Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері және басқа да мерекелік наградалармен марапатталған.
© DIDARBEK.kz