Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!» ШАРАСЫ ӨТТІ

«АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!» ШАРАСЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік шара ұйымдастырылды. Шара шымылдығын түрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтап, елордамыз- Астана қаласынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды.

«Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңестің отырысында астананы ауыстыру жөніндегі өте маңызды бастамасын көтерген болатын.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықты бастан кешіп жатқандықтан әрине, жалпы қоғам бұл идеяны толық қолдай алмады. Елбасымыз табанды саясаткерге тән мінезбен мемелекет тағдырындағы таңдаулы сәтте тайсалмай, барлығын сендіре білді. Президентіміздің  көрегенділігін дәл бүгінгі уақыт айна-қатесіз көрсетіп тұр», – деді Ж. Түймебаев.

Мұнан соң облыс әкімі бірқатар азаматтың омырауына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Марапатталғандардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Талғат Әліқұлов, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Али Көмекбаев сынды тағы басқа азаматтар бар.

Іс-шара соңы мерекелік  концерттік бағдарламаға ұласты.  Астана күніне арналған «Арнау» композициясы шырқалды. Қазақтың тарихынан сыр шертетін Қ.Ахмедияровтың «Елбасы», Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі орындады. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры мен облыстық әзіл-сықақ театры әртістерінің орындауында «Ата-баба аманаты» театрландырылған қойылымы көрсетілді.

«Дала даналығы» биін мың бұралған бишілер – «Қазына» би  ансамблі орындап, «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен  Қаракөз Абдушарипова, Өсербай Бөріханов, Тұрар Әлменов, Алтынай Әкім, Бағдат Сейітбековтер  Елбасының сүйікті әндерінен попурри шырқап, №2 Саз  мектебі және қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы оқушыларының «Асқақтай бер, Астана!» поэтикалық-сазды композициясына ұласады. Іс-шараның соңында  барлық іс-шара қатысушылары  Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Б.Тілеуханның «Елім менің» әнін  әуелетті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу