Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын берген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде әлемге бейбітшілік сүйген көпұлтты ел ретінде танылды. Қазіргі күні елімізде қазақ ұлтымен бірге 130-дан аса ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Түсіністік пен тұрақтылық – әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымызда ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді.
Қоғамымызда қазіргі кезде дүниежүзіне кеңінен жайылған коронавирус індетінің алдын алу үшін қолға алынып жатқан жүйелі жұмыстар бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етері анық.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Татулық пен бірлігі бекем еліміздің әр отбасына мол бақыт пен ашық аспан, бақ-береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын, ағайын!
Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт ШӘРІПБЕКОВ

Пікір жазу