Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

 

Шымкент қаласының аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы болғандықтан, банктерге тұрғындар зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптен жиналып жатқаны белгілі. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған.

Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы «Халық Банк» бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі «Хоум банк» және «Халық Банк» бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған.

Қиын-қыстау кезеңде банк бөлімшелері осылайша жұмыстарын ширатып, сақтық шараларын күшейткен. Пандемияға байланысты қазір банктердің 80% қызметін онлайн арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар, банк карталарымен кез келген төлем түрлерін жасауға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981, жылы туған қала тұрғындары. Дертінен айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.

Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6 мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 72 науқас дертінен айығып шықты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу