Бүгін Түлкібас ауданының әкімі жұмыс сапарымен аудандағы Мичурин ауылдық округінде болды.
Елімізде орын алған төтенше жағдай барлық кәсіпкерлерге оңай тимегені белгілі. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі округ аумағындағы карантин режимінен кейін қайта жұмысын бастаған кәсіпкерлік нысандарды аралап бүгінгі жай — күйімен танысты. Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы балалар оңалту орталығын күрделi жɵндеу нысанында болды. Әлеуметтік нысан құрылысын аралау барысында аудан басшысы балаларға жағдай жасау мақсатында жобаға өзгеріс еңгізуді тапсырды.
Одан кейiн Майтөбе спорт кешенінің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда округ аумағындағы төрт елді мекенде 7 мыңнан астам халық шоғырланған.
Округтегі «Мөлдір» және «Мичурин Алма-Экспорт» ЖШС-нің жұмысымен танысқан аудан басшысы кәсіпкердің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын беріп, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысына карантин режимі алынған соң аудан аумағындағы басқа да кәсіпкерлердің осы жерге басын қосып, «Мөлдір» ЖШС-нің жеміс өсіру технологиясын үлгі қылып семинар өткізуді тапсырды.
© DIDARBEK.kz