Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды.

Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ұлы Отан соғысына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне деген үлкен құрмет деп білдім.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді осы аталған шаралармен 180 мың адамға дейін қамту көзделіпті. Қолданысқа жаңа енген бұл Заңнан ардагерлердің үміті орасан, сенімдерін ақтайтынына шүбә келтірмейміз!

Ел Президент қол қойған жаңа заң көпшілік халықтың көңілінен шықты. Бұл аға буынға деген құрмет, маңызды және үлкен көмек болары сөзсіз.

Ғалымжан Майқанов,
Шымкент қалалық «Ауғанстан және жергілікті соғыс одағы»
қоғамдық ұйымының төрағасы

Пікір жазу