Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері
ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген.
1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған.
Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған.
Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін Қазығұрт ауданындағы ПМК-да (жылжымалы механикаландырылған колонна) қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.
Ардагердің отбасында бес ұлы, үш қызы бар. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны алғаны үшін» және басқа да медальдермен марапатталған. Ол – Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы.
Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.
© DIDARBEK.kz