Табиғаты керемет, жері сулы, шөбі шүйгін Сайрам ауданынының халқы еңбекққор, мал өсіруге, егін егуге әбден машықтанған. Сондықтан болар, ел тұрғындары бұл өңірді ауыл шаруашылығы, оның ішінде ет, сүт, мал шаруашылықтары дамыған өңір ретінде ауданды жақсы таниды.
Қазіргі кезде Сайрам ауданында суармалы жердің жағдайын жасап, каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Мұсабек каналының 6 шақырымын шөп пен лайдан тазарту арқылы Құтарыс ауылдық округінің Ақарыс елдімекеніне қараты 96 гектар егіс алқабын суғару жүйесі жақсарды.
Дәл осындай жұмыстар Қызылжар, Теспе, Сарыарық, Айтуар, Бескепе-Ынтымақ, Янги-2, Сарыбұлақ каналдарында да жүргізілді.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жауапты сала басшыларымен бірге Құтарыс ауылдық округіндегі Қызылжар каналының тазалау жұмыстарын бақылады. Каналдың 3 шақырымы лай -батпақтан, арам шөтен тазарып, 36 гектар жерді суғару жағдайы артты.
Жалпы, «Ақсу» МКК меншігіндегі техника көмегімен 23,5 шақырым ағын су жүйесін тазартылып, сол арқылы бүгінгі таңда 500 гектар егістік алқабын суғару ісі дұрыс жолға қойылды.
DIDARBEK.kz.