Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 75 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының айғағы болып келеді.

Ұлы Отан Соғысына елімізден сол кезеңде жалындап тұрған, бойында елі мен жеріне деген махаббаты тасқындаған жастары аттанған еді. Біздің облысымыздан 140 мыңнан аса жауынгер майдан шебінде соғысты. Олардың ішінде 52 жауынгер Кеңес Одағының батыры атанды.

Ер-азаматтар соғысқа аттанғанда, елде қалған еңбекке жарамды жандар тылда аянбай тер төкті. Үйде отырған аналарымыз майдандағы жары мен ұлына киім тігіп, оқ-дәрілермен қамтамасыз етіп отырды. Осындай тыл ардагерлерінің саныоблыс бойынша 8 мыңнан асып жығылады.

Отан үшін от кешкен ардагерлердің бүгінгі қоғамда да алар орны ерекше. Ұрпақ тәрбиесі мен ел мүддесі үшін еңбек еткен ардагерлер қандай құрметке болса да лайық. Бүгінгі таңда облысымызда 40 соғыс ардагері өмір сүруде. Олардың әрбіріне облыс тарапынан 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілу жоспарлануда. Мұның бәрі тәуелсіздік ұрпақтарының теңдессіз ерлікке көрсеткен тағзымы деп білгейсіздер.

Құрметті ардагерлер!

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Майданнан кейінгі күндеріңіз де еліміздің жолында еңбек етумен өтті. Бүгінгі күні де біздің ортақ мәселелерінен де шет қалмай, өскелең ұрпаққа адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғыс білдіреміз.

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз!

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ.

Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат БАЛАБИЕВ.

 

Пікір жазу