Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Састөбе кенті мен Балықты ауылдық округінде жұмыс сапармен болып, округтер аумағындағы кәсіпкерлік пен әлеуметтік нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Бірінші кезекте аудан басшысы ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын саналатын Састөбе кентіндегі «Састөбе ТЕХННОЛОДЖЕС» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Састөбе кентімен қатар, көрші жатқан ауылдық округтердің біршама тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында бүгінгі таңда 5 жүз адам екі кезеңмен жұмыс істейді. Кәсіпорын тәулігіне 450 мың тонна цемент, 100 мың тонна әк шығарады. Бүгінгі таңда кәсіпорынның шикізат қоры 61 миллион тоннаны құрап отыр. Мамандардың болжамы бойынша бұл қор 65-70 жылға жетпек.

Кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен толық танысқан Нұрлан Мархабатұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан әкімдігі тарапынан қандай да қолдаулар қажет болған жағдайда заң аясында қол ұшын созуға дайын екендігін жеткізді.

Қос округ аумағындағы әлеуметтік, құрылыс және кәсіпкерлік нысандарында болған аудан басшысы округ әкімдеріне кәсіпкерлік пен ауылшарушылығын дамыту мақсатында және елді мекендер тазалығы мен көгалдандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылысты сапалы және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу